Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады

10.03.2023
1 мин
0
982

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйді сату құны 14%-5а өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты, деп хабарлайды Dauletten.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%) және Қостанай (30,9%) қалалары тұр.

Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.

Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4%-ға өсті.  

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2%-ға өсті.

Фото: Egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл