455
498.77
5.56
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда бір аптада 133 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды: министрлік мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Қазақстанда бір аптада 133 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды: министрлік мәлімдеме жасады

23.11.2026
0 мин
0
110

Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) сырқаттану көрсеткіші төмендей бастады. Соңғы бір аптада инфекция жұқтыру жағдайлары 6,8 пайызға азайған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдегі эпидемиологиялық жағдай күз мезгіліне тән маусымдық деңгейден аспайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы аптада республика бойынша ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 адам осы инфекциямен ауырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3 пайызға төмен.

Қазақстанда тұмаудың қандай түрлері таралып жатыр?

1 қыркүйектен бері елімізде зертханалық зерттеулер нәтижесінде тұмаудың 297 жағдайы расталған. Оның 295-і A(H1N1) вирусына тиесілі болса, қалған екеуі B типті тұмау болып шыққан. Сонымен қатар ел аумағында басқа да респираторлық вирустар айналымда жүр. Олардың арасында риновирустар, бокавирустар мен аденовирустар жиі анықталып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі респираторлық инфекциялардың таралу қарқыны мен сырқаттанушылық көрсеткіштеріне апта сайын мониторинг жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

2 миллионнан астам қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды

Елімізде тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 2 065 649 адам екпе алған. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 93,9 пайызын құрайды. Министрліктің хабарлауынша, тұмауға қарсы вакцина Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. Инфекциялық төсек-орындардың 63 пайызы толған. Маусымдық инфекциялардың таралуына байланысты медициналық ұйымдардың дайындығы да бақылауда. Қазіргі уақытта елімізде инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 13 335 төсек-орын дайындалған. Оның 63 пайызы бос емес. Ал балаларға арналған инфекциялық төсек-орындардың 69,4 пайызы қамтылған.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың жүктемесін және эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Дәрігерлер қандай кеңес береді?

Мамандар маусымдық вирустардан қорғану үшін жеке гигиена талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Атап айтқанда, қолды жиі жуу, бөлмелерді тұрақты желдету және инфекция белгілері бар адамдармен жақын байланыстан аулақ болу ұсынылады.

Ал дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы немесе өзге де ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда үйде қалып, қажет болса дәрігерге қаралған жөн. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың маусымдық деңгейге сәйкес келетінін және әзірге сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі байқалып отырғанын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл