| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанда 400 мың бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрлік хабарлағандай, биыл балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 1-сәуірден 1-ші тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ата-аналар электрондық үкімет веб-порталында өтініш бере алады.
«Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек, өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», – деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.
фото: aqmeshit-aptalygy.kz