475.38
547.73
5.93
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда донорларға арналған жаңа төсбелгі пайда болды
Жаңалықтар

Қазақстанда донорларға арналған жаңа төсбелгі пайда болды

13.07.2026
мин
0
109

Қазақстанда алғаш рет тұрақты әрі өтеусіз қан тапсырған азаматтарға арналған «Құрметті донор» ведомстволық төсбелгісі тағайындалды. Алғашқы марапатқа 481 адам ие болады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» ведомстволық төсбелгісі табысталады. Бұл марапат өтеусіз негізде тұрақты түрде қан мен оның компоненттерін тапсырып жүрген азаматтарды ынталандыру мақсатында енгізілген.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, төсбелгі Қазақстан азаматтарына ғана емес, елімізде өтеусіз донор болған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да беріледі.

Алғашқы кезеңде бұл марапатқа 481 донор лайық деп танылды. Олар белгіленген талаптарды толық орындаған азаматтар.

«Құрметті донор» атағын алу үшін адам кемінде 40 рет қан немесе тромбоцит, не болмаса 70 рет қан плазмасын өтеусіз тапсыруы қажет.

Жаңа төсбелгі – қоғамдағы донорлық мәдениетін дамытуға, тұрақты донорлардың еңбегін бағалауға және өзге азаматтарды да қан тапсыруға ынталандыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, бір адамның тапсырған қаны бірнеше науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл