Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі 175 млрд доллардан асты
Жаңалықтар

Қазақстанда еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі 175 млрд доллардан асты

14.12.2023
1 мин
0
489
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері қатысты. Отырыста республиканың салық және кеден жүйелерін жетілдіру, фармацевтика өнеркәсібін, геологиялық барлау мен аграрлық индустрияны дамыту, бизнеске лицензия, несие беру және қолдау көрсету, экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде жүктемені азайту, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселе егжей-тегжейлі талқыланды.

Премьер-Министр өз сөзінде бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі $175 млрд-тан асқан. Атап айтқанда, 6 айда ЕО елдері ҚР экономикасына $5,2 млрд инвестиция салған.

«Қазақстанның сыртқы саудасында ЕО үлесі шамамен 30%-ды құрайды. 10 айда тауар айналымы $34 млрд-тан асты. Бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде ҚР экономикасының түрлі салаларында 3 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істейді, олардың ішінде Shell, Eni, Air Liquide, Alstom және Claas сияқты ірі трансұлттық корпорациялар бар.

«Ағымдағы жыл инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуда өте жемісті болды. Ортақ пул жаңа ірі жобалармен толыға түсуде. Бұған Svevind компаниясының жасыл сутегі жобасын іске асыруы, Total компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын жел паркін салу туралы келісім, Knauf компаниясының 4-ші гипсокартон зауытын ашу жоспары, сондай-ақ Scania компаниясының көлік құралдарының ірі құрамдас бөлшектерін құрастыру жұмыстарын іске қосуы жарқын мысал бола алады», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол Қазақстанда еуропалық компаниялар қатарының арта түсуі республиканың инвестициялық тартымдылығының жақсарғанын білдіретінін тілге тиек етті. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл