Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда балаларды фастфуд пен тәтті сусындар жарнамасынан қорғау шаралары қолға алынуда. Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз және май мөлшері жоғары өнімдерге жарнамалық шектеу енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрамында қант, тұз және майы көп тағамдардың жарнамасын шектеу бойынша жаңа бастама көтеріп отыр. Бұл бастама, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталған.
Комитет мамандарының айтуынша, бүгінде зиянды өнімдердің жарнамасы балалардың назарын өзіне оңай аударады. Жарқын бейнелер мен танымал кейіпкерлерді қолдану арқылы фастфуд пен тәтті сусындарға деген қызығушылық ерте жастан қалыптасады.
Жаңа шектеулер осы үрдісті тоқтату үшін енгізілмек. Бұл ретте, халықаралық тәжірибеге, атап айтқанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сүйену көзделіп отыр.
Қазір арнайы бағалау жүйесі – "қоректік профиль" әзірлену үстінде. Ол арқылы қандай өнімдердің жарнамасына шектеу қойылатыны анықталады. Жүйе 2025–2026 жылдарға арналған ұлттық Жол картасына енгізілмек.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам – ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды шешім.