Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда кеңсені жалға алу бағасы қымбаттады
Жаңалықтар

Қазақстанда кеңсені жалға алу бағасы қымбаттады

24.06.2021
1 мин
0
1265

Сауда үйі мен сауда, ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді жалға алу құны бір жылда 14,1 пайызға артып, 4,9 мың теңге болды, – деп жазады tengrinews.kz.

Асхана (10,7 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін), валюта айырбастау пункттері (9 пайызға, 6,9 мың теңгеге дейін), фитнес-клубтар мен жаттығу залдарын (8,8 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін) жалға алу бағасы да өсті.

Кеңсені жалға алудың бір шаршы метр үшін 1,4 мың теңгеден 4,4 мың теңгеге дейін құбылып отыр. D санатындағы қойма үшін жалға алу 679 теңгеден А санатты қойма үшін 2,9 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

Жалпы, биыл мамырдың қорытындысы бойынша, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы бір жылда 4,8 пайызға артты.

Сондай-ақ сәуірмен салыстырғанда жалдау құны бір айда, керісінше, 0,3 пайызға төмендеген. Атап айтқанда, Шымкент (6,5 пайызға ), Павлодар (0,7 пайызға ) және Алматы (0,5 пайызға) облыстарында тіркелген. Ал керісінше, өсім Астана мен Түркістан облысында 0,3 пайыз байқалды.

Маңғыстауда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру – 44,3 пайыз, Атырау облысында – 34,1 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 12 пайызға қымбаттады.

Әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайды жалдау бір айда 0,4 пайызға қымбаттады. Паркингтерді жалға алу бағасы өзгеріссіз қалды. Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу құны 0,1 пайызға, өндірістік үй-жайлар – 0,2 пайыз, қойма – 0,5 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері – 0,6 пайыз, сауда орындары 0,9 пайызға арзандаған.

Бір жыл ішінде сауда орындарын жалға алу 11,4 пайызға, паркингтер – 9,9 пайызға, мейрамханалар мен тамақтану орындары – 4,8 пайызға, тұрмыстық қызмет көрсету пункттерін – 4,4 пайызға, әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайлар – 2 пайызға, қойма – 1,4 пайызға, өндірістік үй-жайларды жалға алу 0,5 пайызға қымбаттаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл