Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда кімдер ең жоғары айлық алып жүр
Жаңалықтар

Қазақстанда кімдер ең жоғары айлық алып жүр

15.08.2022
1 мин
3
2005

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алып жүргені туралы мәлімет ұсынды.

«Жалақының ең жоғары мөлшеріне қатысты келесіні хабарлаймыз. Бюро жыл сайын «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны негізінде кәсіпорындарға зерттеу жүргізеді. Есепті жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зерттеуге жатады.

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақы «Азаматтық құрылыс» саласындағы басқарушыда (коммерциялық қызметте) – 4,5 млн теңге сомасында, сондай-ақ «Шикі мұнай және табиғи газ өндіру» саласындағы бас директорда – 3,9 млн теңге және «Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату» саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директорда – 3,9 млн теңге болып белгіленді. Назар аударамыз, жалақы мөлшері лауазымға және экономикалық қызмет түрі, аймақ, біліктілік, жұмыс өтілі және басқалары сияқты маңызды факторларға байланысты», - деп жазылған ҚазАқпараттың ресми сауалына жолданған жауапта.

Сонымен, ең жоғары айлықтың көлемі 3,9 млн теңгеден басталады десек, оны алатындардың еңбекке жарамды халықтың ішіндегі үлесі 0,1 пайызға да жетпейтін көрінеді.

«2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша зерттеуге қатысатын адамдардың жалпы санынан 3,9 млн теңгеден астам жалақыны 0,1% төмен адам алды. 275 мың теңгеден астам жалақыны 28,4% адам алды», - деп жазады Ұлттық статистика бюросының мамандары. 

 

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15296 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Ж
Жәрдем Рүстем Даниярұлы 15.08.2022
3.9 миллион жалақыны бір адамға бергенше, 10 адамға бөлсе. 390.000тг ден келеді... 20 адамға бөлсе 195.000 тг ден келеді екен... Статистика айта береді, қарапайым халықтың орташа жалақысы 100-200 мыңнын ортасы одан әрі аспайды...
Жауап беру
Б
Бибигуль Асанова 15.08.2022
Еден жуушылардын акшасын котеру кереккой 40 мын айлык аламыз тамагымызгада жетпейди
Жауап беру
Н
Нурсулу 15.08.2022
Рас еден жуатындарға обал, аз алады Мектепте көріп жүрміз ғой. Ремонт кезінде жаман шаршайды ол кісілер
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл