| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа Негізгі заң жобасына сәйкес, Конституцияны республикалық референдумда қабылдау күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде мереке болып белгіленуі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа негізгі заң жобасының XI бөлімінде көрсетілгендей, 94-бапта:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық референдумда қабылданған күннен бастап 2026 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді және бұрын қабылданған Конституцияның күші сол сәтте тоқтатылады, - деп көрсетілген.
Осылайша, Конституцияны республикалық референдумда қабылдау күні мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде жариялануы жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс мерекенің нақты датасын белгілеп, халыққа жаңа Конституцияны қабылдауды ресми түрде атап өтуге мүмкіндік береді.