Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үкімет 400 млрд теңгеге шағын өндірісті жандандыруды жоспарлап отыр
Жаңалықтар

Үкімет 400 млрд теңгеге шағын өндірісті жандандыруды жоспарлап отыр

23.12.2025
мин
0
115
Сурет: ortcom.kz

Үкімет ауылдар мен шағын қалалардағы кәсіпкерлікті дамыту үшін «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жыл сайын 400 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин таныстырған «Іскер аймақ» бағдарламасы тез нәтиже беретін әрі іске асыруы жеңіл өндіріс түрлерін дамытуға негізделген. Бағдарлама ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, шағын наубайханалар ашу, жиһаз және құрылыс материалдарын шығару секілді бағыттарды қамтиды.

Қаржыландыру екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бір жобаға берілетін несие көлемі 200 млн теңгеден аспайды. Мемлекеттік субсидия есебінен пайыздық мөлшерлеме шамамен 8,8 пайыз деңгейінде белгіленбек. Қарызды өтеу мерзімі үш жылға дейін.

Кепілдік мүлкі жеткіліксіз кәсіпкерлерге «Даму» қоры қолдау көрсетеді. Қор қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беру арқылы қаржыға қолжетімділікті арттырмақ. Сонымен қатар, бағдарлама аясында өндіріс орындарын орналастыру үшін жеңілдетілген шартпен ғимараттар мен жер телімдерін жалға алу, инженерлік желілерге қосылу мүмкіндігі ұсынылады.

Өндірісті тиімді іске қосу үшін кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетіліп, салалық онлайн-оқыту курстары ұйымдастырылады. Бұл ретте «Ауыл аманаты» мен «Бір ауыл – бір өнім» жобаларына қатысқан кәсіпкерлерге басымдық беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер egov.business және Damu Online платформалары арқылы онлайн қабылданады. Ал шалғай елді мекендерде арнайы мобильді кеңселер жұмыс істеп, жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл