| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 20 099,1 мың м²-ге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер 13 523,7 мың м², жеке тұрғын үйлер 6 416,2 мың м² құрады. Өңірлер бойынша көшбасшылар: Астана – 4 812,5 мың м², Алматы – 2 607,7 мың м², Шымкент – 1 381,9 мың м². Ал өсім көрсеткіштері бойынша Жетісу (+11%), Алматы (+10,2%) және Қарағанды облыстары (+9%) алда тұр.
Жалпы көлемнің 90%-ы немесе 18 098,8 мың м² жеке құрылыс салушылар тарапынан пайдалануға берілді, соның ішінде халық өз күшімен салған үйлердің көлемі 7 120,6 мың м² болды.
Бір жыл ішінде 37 219 тұрғын үй ғимараты пайдалануға беріліп, оның ішінде 2 591 көппәтерлі үйде 185,8 мың пәтер пайдалануға берілді.