Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда профессор, доценттерге төленетін үстемақыны арттыру ұсынылды
Жаңалықтар

Қазақстанда профессор, доценттерге төленетін үстемақыны арттыру ұсынылды

28.02.2024
1 мин
1
485
Фото: Halyq Uni

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеу институттарда немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сынды ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр. Бұл туралы депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Мысалы доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады. 

Ал енді ол ғылым докторы болса, және қазіргі уақытта ол 125 мың  теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың  теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алатын болады.  Бұл өте жақсы қолдау деп санаймыз», - деді Аймағамбетов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Б
Балжан 28.02.2024
Білім саласындағы қарапайым есепшілердің жалақысы өте төмен, осы сұрақты көтеріңізші өтінем, біздің даісымыз ешкайда жетер емес
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл