Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қант бағасы қанша болуы керек? Министр жауабы
Жаңалықтар

Қазақстанда қант бағасы қанша болуы керек? Министр жауабы

27.07.2022
1 мин
8
3303

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты.

Бүгінде нарықта қантты өңірлерге жеткізуде субъектив қиындықтар бар, деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

"Қазіргі жағдай қант бағасының да өсуіне әкелді. Айта кету керек, биржадағы шикі қамыс бағасы өсті. Тасымалдау шығындары да, өңдеу шығындары да өсті. Мысалы, 2020-2021 жылдары қазіргіден екі есе аз болды – қазір шикі қант 476 доллар тұрады. Логистикалық шығындар да 2,6 есе өсті, былтыр Бразилиядан қантты 110 долларға жеткізуге болатын еді, бүгінде бір тонна шикі қанттың бағасы 300 долларға дейін көтерілді", - деді ол. 

Бұл деректер отандық қант зауыттарында қамыс қантының қымбаттауына әкелген.

"Бүгінде зауыттар қанттың келісін 450 теңгеден сатып жатыр. Бұл ретте көтерме саудадан, сондай-ақ бөлшек саудадан түсетін 15 пайыздық рұқсат етілген үстемені ескеретін болсақ, қант шикізатының басым құнын ескере отырып, ең төменгі баға шамамен 595-600 теңге боулы тиіс. Бұл нарықтық өнім, сондықтан баға ішкі нарықтағы қант бағасының өсуіне байланысты", - деп қосты министр.

Қарашөкеев дүкендердегі дүрбелең мен ұзын сонар кезек туралы сұраққа да жауап берді.

"Дүрбелең мен ұзын сонар кезекке келер болсақ, қантты өз құнынан төмен сатуды тоқтатсақ, бәрі ертең-ақ тоқтайды. Нарықта қант жеткілікті, бірақ оның бағасы нарықтық құн негізінде қалыптасады. Болжамдарға сәйкес, Ресей қыркүйектен бастап экспортын ашады, олардың биылғы өнімі айтарлықтай жақсы деңгейде деп болжанып отыр, сондықтан шілде-тамызда бағалар әлі де жоғары болады деп ойлаймын, содан кейін біртіндеп төмендейді деп болжап отырмыз", - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
280
8 Пікір
А
Арай 27.07.2022
қант бағасы қарапайвм халыққа 200 тг болу керек
Жауап беру
Қ
Қарлығаш Нұраят 27.07.2022
Министрдің айлығы мен қант жейтін қара халықтың айлығы тең емес, министр қант жеуге уақыт таппайтын шығар, халық жейтін қант бағасы төмен болғаны дұрыс.
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 27.07.2022
Шетелмен теңеспейміз, өз елімізді ғана ойласақ
Жауап беру
Қ
Қарлығаш. 27.07.2022
Қымбаттатудан басқа шаруа жоқ па? Елімізден шығады, неліктен қымбаттай беру керек? Халыққа қол жетімді болса деймін.
Жауап беру
А
Акмарал 27.07.2022
Қатты қымбат бізде 750 теңге
Жауап беру
А
Айна 27.07.2022
Бағасы түспейма қанттың, сұмдыққо 750-850 деген
Жауап беру
А
Айман 27.07.2022
Алматыда 880 теңге
Жауап беру
А
Айгерім 27.07.2022
ШҚО Аягузде 750.800 т
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл