Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қыз алып қашқандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда қыз алып қашқандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

15.05.2025
1 мин
0
130
Сурет: lada.kz

Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов қыз алып қашқандарға айыппұлдан бөлек, қылмыстық жауапкершілік қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларда көп жағдайда кінәлілер жазаланбай қалады. Әсіресе, бұл деректер елдің оңтүстік өңірлерінде жиі кездеседі.

- Егер қыз 18 жасқа толмаған болса немесе алып қашу кезінде күш қолданылса, не бірнеше адам күш қолданса, жаза күшейтіледі – 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Соңғы үш жылда полицияға некеге мәжбүрлеу және адам ұрлау бойынша 214 арыз түскен. Бірақ соның тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Жартысынан көбінде ешқандай шара қолданылмай, күдіктілер босатылған. Қалған 205 іс мүлде қаралмаған, қылмыстық істер тоқтатылған. Қыз өз еркімен емес, алып қашып кеткенін, көліктен секіріп кеткенін, күш қолданылғанын дәлелдегенімен, тиісті шаралар қабылданбаған, – деді депутат.

Әбеновтың айтуынша, келесі аптада бұл ұсыныстар Мәжілісте екінші оқылымда қаралады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл