| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда тағы бір атом электр станциясын салу жоспары қарастырылып жатыр. Жоба Балқаш көлінің жағасында жүзеге асуы ықтимал, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, екінші атом электр станциясын салу үшін бірнеше алаң зерттелуде. Қазіргі таңда үш нұсқа қарастырылып отыр.
Оның сөзінше, болашақ нысанның жұмыс атауы да анықталған — «Мойынқұм» атом электр станциясы. Бұл жолы атауға қатысты арнайы конкурс өткізу жоспарланбаған.
Сондай-ақ жобаға шетелдік инвесторлардың қатысуы да мүмкін. Атап айтқанда, Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы құрылысқа тартылуы ықтимал.
Қазіргі уақытта жоба бойынша нақты шешімдер қабылданбаған, тиісті зерттеу және келіссөз жұмыстары жалғасып жатыр.