| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік шекара маңындағы жер учаскелерін заң талаптарына сәйкес реттеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет басшысы Мәжіліс депутаттарына берген жауабында 2018 жылдан кейін Жер кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталған жерлерді түгендеу және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Шекара маңындағы бірқатар өңірлерде заң талаптары бұзылып, 100 метрлік шекара аймағына шектес жер учаскелері заңсыз берілген.
- Оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдануда, соның ішінде құқық иелерінің ерікті түрде бас тартуы, жалдау шарттарын сот тәртібімен даулау, өтемақы төлей отырып сатып алу және мәжбүрлеп алып қою көзделген. Ең көп заңбұзушылықтар Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында анықталды, – дейді Бектенов.
Кейбір өңірлерде заңбұзушылықтар жойылған, ал басқа жерлерде жерге орналастыру жобаларын рәсімдеу, сот рәсімдерін жүргізу және өтемақыларды төлеу сатысында.
- Ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарларды ескере отырып, 2018 жылдың мамырына дейін берілген жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселесі көтеріліп отырған жоқ. Жалдау мерзімі біткен соң мұндай учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылуға жатады, жаңадан жер телімдері берілмейді, – делінген Бектеновтің жауабында.