Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда шетел азаматтарын оқытуға 550 грант бөлінді
Жаңалықтар

Қазақстанда шетел азаматтарын оқытуға 550 грант бөлінді

31.03.2023
мин
2
1413

Жақын арада еліміздің жоғары оқу орындарында грантпен білім алғысы келетін шетел азаматтарынан құжат қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп, хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстанның жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантурада шетел азаматтарын оқытуға 550 грант бөлініп отыр. Оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант берілген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендия төленеді

Аталмыш бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде ҚР азаматығы жоқ этникалық қазақтар қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар онлайн форматта 30 наурыздан 30 маусымға дейін министрліктің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сайтында қабылданады.

Үміткерлерді іріктеу онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. Стипендиаттар тізімі биылғы жылдың 28 тамызына дейін жарияланады.

Бағдарламаға қатысты қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлер арқылы жауап алуға болады: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31.

Фото: egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Ж
Жаныл Маратова 06.05.2024
Мен осы грантпен қазір 2-курс оқып жатырмын. Мұндай мүмкіндіктердің бар екендігі мені қуантады????????????
Жауап беру
А
Асел 18.02.2024
Я кушті екен.мен узбекстанда турам брақ қазақпын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл