Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы соңғы қоңырау күнінің өзгергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның мәліметінше, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.
– Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі, - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар 23 мамыр – оқу жылының соңғы күнінде – еліміздің барлық мектебінде "Білімім – Отанымa" ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл білім беру жүйесі үшін маңызды шара – оқушылар мен ұстаздарға бірлескен еңбектерін қорытындылауға, бір-біріне алғыс айтуға, өткен оқу жылындағы ең елеулі сәттерді еске алуға мүмкіндік береді.