Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда су тасқыны басталғалы 100 мыңнан астам адам құтқарылды
Жаңалықтар

Қазақстанда су тасқыны басталғалы 100 мыңнан астам адам құтқарылды

14.04.2024
1 мин
0
593
Фото: ҚР ТЖМ

Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте мәлімдеді.

«Су тасқыны жағдайы туралы сағат 10:00-дегі ақпарат: су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 107 119 адам, оның ішінде 38 457 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала  орналасты», - деді спикер.

9,3 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,9 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 339 адам,  4 мыңнан астам техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1 264 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 мыңнан астам тұрғын үй мен 2 мыңға жуық аула аумағынан су бұрылды», - деді ҚР ТЖМ өкілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл