| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды, бірақ көктемгі болжам әлі дайын емес, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Tasqyn жаһандық GloFAS су тасқыны туралы ескерту жүйесіне интеграцияланған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған түпкілікті болжам наурыз айының басында беріледі, – делінген хабарламада.
Бассейндік инспекциялардың және “Қазсушар” филиалдарының 114 маманы күн сайын 128 өзен учаскесіндегі 142 гидробекеттен алынған деректерді жүйеге енгізіп отырады. Сондай-ақ олар көрші елдердегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасады.
- Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін су қоймаларында бос орындар жасау мақсатында суды ағызу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда су қоймалары 13 миллиард текше метр суды қабылдай алады, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
2024 жылдың қараша айының соңында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл жүйені 2024 жылдың соңына дейін өндірістік пайдалануға енгізуге уәде берген еді.