Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда тұрғын үй қорының ауданы өсті
Баспанаға бағыт

Қазақстанда тұрғын үй қорының ауданы өсті

01.03.2024
1 мин
0
1093
Фото: egemen.kz

Былтыр Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2022 жылмен салыстырғанда 3,4% өсіп, 419,1 млн м2 құрады.

Оның ішінде:
Қалалық аумақта – 274,5 млн м2
Ауылдық жерлерде – 144,5 млн м2

Тұрғын үй қорының ауданы бойынша Алматы қаласы (54,8 млн м2), Түркістан облысы (34,3 млн м2) және Астана (33,8 млн м2) көш бастап тұр.

Қазақстанда барлығы 2 527 809 тұрғын үй бар. Тұрғын үй түрлері бойынша жеке тұрғын үйлердің жалпы саны 2 219 826 бірлікті құрады, оның 40,6% – қалалық, 59,4% – ауылдық жерлерде. Көппәтерлі үйлердің саны 307 983 бірлікті, ал ондағы пәтерлердің саны – 5 891 573 бірлікті құрады.

Тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімі бойынша тұрғын үй қорының 29,3% астамы 1970 жылға дейін пайдалануға берілген, 1971-1990 жылдары тағы 26,3%, 1991-2010 жылдары 23,4%, 2010 жылдан кейін қалған 19,5% (1,5% тұрғын үйдің іске қосу деректері жоқ).

Тұрғын үй-жайлардың (пәтердің) жалпы алаңының, сонда тұратын адамдардың санына қатысы ретінде айқындалатын бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 2023 жылы 23,9 м2 құрады, бір жыл бұрын ол 23,4 м2 болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл