Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
Жаңалықтар

Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді

02.06.2020
2 мин
0
1872

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста министрліктер, "Атамекен" ҰКП және өңірлер әкімдіктерінің басшылығы қатысып, Қазақстанда туризм маусымын жандандыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңнамалық деңгейде туристік салаға қосымша қолдау көрсету шаралары қаралып жатыр:

- туристік объектілерді жаңадан салу, реконструкциялау және жабдықтау кезінде инвестиция сомасының 10%-ын өтеу және преференция беру;
- әр шетелдік турист үшін туроператордың шығындарын субсидиялау;
- әуе компанияларына ішкі әуе бағыттары бойынша балалардың жол ақысын 100 пайыз өтеу;
- кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы нысандарды салу және қызмет көрсету бойынша шығындарының 25 пайызын өтеу;
- туроператорлар мен турагенттіктердің туристік көлік құралдарын сатып алу шығындарының 25 пайызын өтеу.

2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 44 туристік жобаға инфрақұрылым жүргізу мақсатына республикалық бюджеттен 51,5 миллиард теңге қаражат бөлінді. Бұл - аталған саланы қолдаудың рекордтық көрсеткіші.

Кеңесте Қазақстанда туризм маусымын бастауға толық дайындық жасалғаны хабарланды: туристік нысандардың жұмыс алгоритмі әзірленді, жолаушыларды тасымалдаудың әуе, теміржол және автобус маршруттары іске қосылған.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердің әкімдіктеріне туристік объектілердің дайындығы туралы актілерді беру жұмысын жеделдетуді, жаңа туристік бағдарлар мен толыққанды ақпараттар жиынтығын жасауды, сондай-ақ аталған салаға инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл