| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елде авиакеросин бағасының төмендеуі әуе билеттері мен жүк тасымалы құнының арзандауына әсер етпек, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, авиаотын бағасының төмендеуі әуе тасымалы нарығына оң ықпал етеді. Бұл жағдай алдағы уақытта ұшақ билеттері мен жүк тасымалы қызметтерінің құнына әсер етуі мүмкін.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда авиакеросин бағасы кезең-кезеңімен төмендеп жатыр. Бұған дейін авиаотынның құны 1200–1300 АҚШ доллары аралығында болса, қазіргі таңда Энергетика министрлігі оны 940 долларға дейін арзандатқан.
Мамандардың айтуынша, отын бағасының төмендеуі әуе компанияларының шығындарын азайтып, билет бағасын қайта қарауға мүмкіндік береді