482.49
556.75
5.79
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда үйді апаттан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда үйді апаттан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін

18.03.2026
мин
0
136
Сурет: AFK.kz

Елімізде баспаналарды табиғи және техногендік апаттардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Жаңа бастама тұрғын үйлерді түрлі төтенше жағдайлардан қорғауды көздейді. Алдын ала есептеулер бойынша сақтандыру құны жылына шамамен 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болуы мүмкін.

Сақтандыру жағдайы тіркелген кезде төленетін өтемақы көлемі 1 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін жетеді деп жоспарланған.

Бағдарлама аясында тұрғын үйлер келесі қауіп түрлерінен сақтандырылады: жер сілкінісі, су тасқыны мен паводок, сондай-ақ орман өрттері.

Жүйені енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен пилоттық жоба ретінде Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарланған. Кейін табиғи апат қаупі жоғары тағы 16 өңірге таратылады.

Жаңа талаптарды енгізуде азаматтарға ыңғайлы болу үшін үш жылдық өтпелі кезең қарастырылған. Осы уақыт аралығында сақтандыру төлемдерін бірден толық төлеу міндеттелмейді.

Сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі үшін бірыңғай оператор құрылып, қайта сақтандыру пулы жасақталады. Сонымен қатар жобаға жеке сақтандыру ұйымдары да қатысады.

Құжатты Үкімет қарауына 2026 жылдың маусым айында енгізу жоспарланса, Парламентке сол жылдың тамызында жолдау көзделіп отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл