Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты басталды
Жаңалықтар

Қазақстанда «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты басталды

22.11.2023
1 мин
0
482
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі парақшасынан

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 22 жасқа дейінгі 545 маман және 520 сарапшы қатысады. 

Сайыстың үш күнінде, яғни 23-25 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салады. Олардың ішінде кірпіш қалау, кузов жөндеу, бастауыш сыныптарға сабақ беру, бизнеске арналған IT шешімдер, қонақүйдің қабылдаушысы, аспаздық, шаштараз және т.б. бар.

Республикалық чемпионат қатысушыларын марапаттау рәсімі 27 қарашада өтеді. Жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл