Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда “Яндекс Такси” тарифтеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда “Яндекс Такси” тарифтеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін

29.04.2025
1 мин
0
143
Сурет: kaztag.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі компанияның баға белгілеу тетіктеріне аудит жүргізді. Бұл аудит “Яндекс Такси” үшін монополияға қарсы комплаенс шеңберінде міндеттелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Агенттік мәліметінше, тексерудің мақсаты – “Яндекс” қызметінің, оның ішінде такси бағасына ықпал ететін шарттар мен факторларды талдау болған.

- Аудит барысында жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың негізгі және өзгермелі бөліктері, әуежай маңы мен қала шетіндегі аудандардағы ерекшеліктер, сондай-ақ операциялық үдерістер зерттелді. Алғашқы нәтижелер бойынша баға жүйесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Олардың бір бөлігі жойылды, ал қалғандары бойынша “Яндекс” тиісті шаралар қабылдауға келісті, – делінген хабарламада.

Агенттік ақпаратына сәйкес, осы негізде “Яндекс+” бағдарламасының ережелері қайта қаралып, енді жеңілдіктерге байланысты шығындарды компания толық өзі өтейді.

Сонымен қатар “Яндекс” комплаенс жүйесіне келесі өзгерістерді енгізді:

  • тарифтер мен жол жүрудің негізгі құны артатын болса, бұл туралы агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;
  • әуежай жанындағы кейбір тұрғын аймақтарды арнайы тарифтік аймақтан шығару (бір апта ішінде);
  • жол жүру құнының екі есе мөлшерінен жоғары комиссия ұстамау (бұл жүргізушілер табысын арттырады);
  • “Эконом” тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу;
  • сұраныс артқан жағдайда тарифті үш еседен асыра көтеруге шектеу қою (мұндай жағдайлар әр тоқсанда қаладағы барлық сапардың 5%-ынан аспауы тиіс);
  • сұранысы төмен аудандарда қосымша төлемдер туралы ақпаратты қолданбада ашық көрсету;
  • 2025 жылғы 30 маусымға дейін қолданбада сапар құнының толық құрылымын көрсету;
  • техникалық қолдау сапасын жақсарту және пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу үдерісін оңтайландыру.

Бұған қоса, компания “эконом” тарифінде сұраныс тым жоғары болғанда, сынақ ретінде виртуалды кезек жүйесін іске қосады. Бұл жүйе арқылы қолданушылар такси күтіп тұрған адамдардың санын көріп, кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру туралы шешім қабылдай алады.

Агенттік хабарлауынша, “Яндекс Таксидің” осы міндеттемелерді орындауын арнайы мониторингтік топ бақылауда ұстайды. Бұл топқа түрлі министрліктер мен салалық қауымдастықтардың сарапшылары, сондай-ақ таксопарктер өкілдері кіреді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл