Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалған ақша саны күрт өсті: ең көп қолдан жасалған купюра қайсы?
Қаржылық сауат

Қазақстанда жалған ақша саны күрт өсті: ең көп қолдан жасалған купюра қайсы?

21.02.2026
мин
0
274
Сурет: ru.pngtree.com

Елімізде жалған ақша жасап, оны айналымға енгізу арқылы заңсыз табыс табуға тырысатындар әлі де бар. Мұндай әрекеттер қаржы айналымына кері әсер етіп, қарапайым азаматтарды шығынға ұшырататыны сөзсіз. Осыған орай Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылы анықталған жалған ақша белгілері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өткен жылы Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 1 122 150 теңгенің 206 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 203-і – банкнота, 3-еуі – монета. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Өткен жылы 108 жалған ақша тіркелсе, биыл олардың саны 90,7%-ға артқан.

Ең көп қолдан жасалған купюра – 5 000 теңге

Анықталған жалған ақшалардың басым бөлігі 5 000 теңгелік банкнотаға тиесілі. Бір жыл ішінде мұндай 174 жалған купюра анықталған. Бұл жалпы көлемнің 84,5%-ын құрайды.

Келесі орында – 10 000 теңгелік банкнота. Оның 22-сі (10,7%) тіркелген.

Сондай-ақ:

2 000 теңгелік банкнота – 6 (2,9%),

20 000 теңгелік банкнота – 1 (0,5%),

монеталар – 3 (1,4%).

Жалған банкнотаны қалай ажыратуға болады?

Ұлттық Банк шынайы ақшаны қолдан жасалған купюрадан ажыратудың қарапайым тәсілдерін еске салды.

Әдетте жалған банкноталар қарапайым офсеттік қағазда, компьютерлік техника мен түрлі-түсті принтердің көмегімен басылады. Мұндай купюраларда:

– майда жазулар анық емес, үлкейткенде оқылмайды;

– сутамғы белгісі болмайды;

– қорғаныш жібі жарыққа тосқанда тұтас көрінбейді және түс ауыстырмайды;

– голографиялық элементтер жалған жасалады, сәуле түскенде арнайы әсер бермейді;

– бедерлі элементтер қолға сезілмейді.

Ал шынайы банкноталарда көзбен де, қолмен ұстап көргенде де анық байқалатын бірнеше қорғаныш белгісі бар.

Азаматтарға ескерту

Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасаудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде бақылау жасайды. Ақшаны пайдалану кезінде әрбір азамат мұқият болуы керек – купюраның түсі, бедері, қорғаныш белгілері мен голограммасы дұрыс екеніне көз жеткізу маңызды.

Егер күмәнді, соның ішінде түр-түсі шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар кездессе, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15584 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл