441.91
499.05
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ломбардтағы «просрочка» кредиттік тарихты бұзбауы мүмкін: жаңа ереже қарастырылуда
Жаңалықтар

Ломбардтағы «просрочка» кредиттік тарихты бұзбауы мүмкін: жаңа ереже қарастырылуда

01.10.2026
мин
0
218
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда ломбардтардағы кепілмен берілетін микрокредиттерді есепке алу ережелері қайта қаралуда. 2026 жылы реттеуші тарап кредиттік есептерден мерзімі өткен төлемдер, кешіктірілген күндер және айыппұлдар туралы ақпаратты алып тастауды ұсынды. Сонымен қатар, ломбард секторының кірісі артып, жылдың алғашқы алты айында таза пайда 36,9 млрд теңгеге жеткен, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

2020 жылдан бастап ломбардтар қаржы нарығын реттеу жүйесіне енгізіліп, олар берген қарыздар туралы деректер Кредиттік бюроларға жолданып келеді. Ұсынылып отырған жаңа өзгерістерге сәйкес, қарыздың өзі кредиттік тарихта сақталғанымен, төлемді кешіктіруге қатысты жағымсыз жазбалар мен өсімпұлдар есептен алынып тасталуы мүмкін.

Осы ережелік өзгерістер аясында сектордың қаржылық көрсеткіштері де рекордтық өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында ломбардтардың таза пайдасы 36,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға артты. Ал соңғы үш жыл ішінде сектордың бұл көрсеткіші 2,7 есеге бір-ақ өскен (2023 жылдың алғашқы жартысында 13,7 млрд теңге болған).

Finprom.kz мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ломбардтардың жалпы активтері 669,8 млрд теңгеге жетіп, микрокредиттік ұйымдардың барлық активтерінің 18,9%-ын иеленді.

Бұл ретте нарықтағы пайданың негізгі бөлігі ірі компанияларға тиесілі болып отыр. Атап айтқанда:

 «М-Ломбард» – 7,8 млрд теңге;

 «МК-Ломбард» – 5,9 млрд теңге;

 «МК-Золото Ломбард» – 5,2 млрд теңге таза пайда тапқан.

Осы үш компанияның жиынтық табысы (18,9 млрд теңге) бүкіл сектор пайдасының 51,3%-ын құрады.

Сондай-ақ сектордың жалпы кірісі бір жылда 63,1%-ға өсіп, 260,8 млрд теңгені құраса, шығындары 65,4%-ға артып, 179 млрд теңгеге жеткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл