Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

25.10.2021
1 мин
4
2108

Алдағы төрт жылда Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1,95 трлн теңге жұмсалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтылды.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылы "Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы іске қосылады. Оны іске асыруға 2025 жылға дейін қоса алғанда қаржыландырудың барлық көздерінен 1,95 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде 2022 жылы – 514,2 млрд теңге, 2023 жылы – 232,9 млрд теңге, 2024 жылы – 335,7 млрд теңге, 2025 жылы – 383,7 млрд теңге жоспарланған.

Осының есебінен 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ жеке тұрғын үй үшін 237 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде ауылдық жерлерде 110 мың учаске және облыс орталықтары мен шағын қалаларда 125 мың учаске.

ИДМ болжауынша, 2022 жылдан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау көзделетін болады. Отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар 185 адам аталмыш қолдауға ие болады. Жоба үшін учаскелерді және жылжымайтын мүлік көлемінің 50% сатып алу немесе жалға алу бойынша кепілдендірілген "офтейк-келісімшарттарды" ұсыну арқылы жеке құрылыс салушылардың инвестициялары тартылатын болады.

Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы әкімдіктердің әлеуметтік несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастырады. Нәтижесінде кезекте тұрғандар үшін 86 мыңнан астам пәтерлі болады.

Отбасы банкі арқылы халықты 2% және 5% жеңілдікпен несиелеу жалғасады. Ол үшін 400 млрд теңге бөлінеді. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар 63 мың адам қолдауға ие болмақ.

Жалпы, кезекте тұрған 404 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкін болады.


 

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Г
Газиза 26.10.2021
2 ши денгейлик банктардагы Несиенин пайызын томендету керек
Жауап беру
П
Патима 26.10.2021
Себеби азык тулик оте кымбат.Казактардын коби патер жалдайды,акша соган кетеди,нормально тамак та ише алмайды.Балдардан обал,жейтин витаминдери жалданган патерге кетеди.Бул дурыс емес...?.Казакта бала дуниеге келди ма,бир болмели патер берилсин.
Жауап беру
Д
Дана 25.10.2021
Уйдин багасы куннен кунге шарыктауда, тезирек уй алып оз уйимизге толегенге не жетсин
Жауап беру
П
Перизат 25.10.2021
Уй беруинизди отинемин баспанамыз жок
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл