447.88
516.58
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жылыту маусымына дайындық: негізгі жұмыстардың 93%-ы аяқталды
Үкімет

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық: негізгі жұмыстардың 93%-ы аяқталды

16.09.2026
мин
0
70

Қазақстанда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов энергетикалық нысандардың, жылу желілерінің және әлеуметтік нысандардың дайындығын талқылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жылу желілерінің 93%-ы дайын

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл жөндеуге жоспарланған 377 шақырым жылу желісінің 352 шақырымы аяқталған. Бұл – жалпы жоспардың 93%-ы. Жылу желілерін жаңғырту мен күрделі жөндеуге 196,8 млрд теңге қарастырылған. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жылу желілерінің тозу деңгейі 48%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар жылу көздері мен электр желілерін дайындау бойынша шұғыл жұмыстарға Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді.

Электр станцияларын реконструкциялауға биыл 384 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. 2025 жылы осы мақсатқа 348 млрд теңге бөлінген болатын.

Жылу нысандарындағы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Қазіргі таңда 4 энергоблок, 28 қазандық және 18 турбинадағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы 3 энергоблок, 26 қазандық және 21 турбинада жұмыстар жалғасуда. Өңірлік электр желілерінде де негізгі жоспар орындалған. Жалпы 17,1 мың шақырым электр тарату желісі дайындалды. Сондай-ақ 444 қосалқы станцияның 426-сы жылыту маусымын бастауға әзір.

Көмір қоры жасақталуда

Жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін отын қоры да толықтырылып жатыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, энергия көздерінің қоймаларында қазіргі таңда 4,8 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут бар. Бұдан бөлек, тағы 255 мың тонна әлеуметтік мазут жеткізу кестесі бекітілген. Алдағы жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірге деген сұранысы шамамен 7,3 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Көмір жеткізу процесін әкімдіктер, көмір өндіруші кәсіпорындар, операторлар және «ҚТЖ» компаниясының қатысуымен Республикалық штаб үйлестіреді.

Мектептер мен ауруханалар дайын

Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы да бақылауда. Үкіметке берілген есеп бойынша дайындық жұмыстары:

10 913 білім беру нысанында;

5 394 медициналық нысанда;

14 939 автономды қазанда;

53 610 тұрғын үйде аяқталған.

Сонымен қатар отын қорын жинақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта көмір қоры жоспардың 80%-ын, мазут 88%-ын, ал дизель отыны 100%-ын құрайды.

Өңірлердегі жағдай қандай?

Жылыту маусымына дайындық барлық өңірде жалғасып жатыр. Бірқатар облыста негізгі жұмыстар аяқталуға жақын. Абай облысында жалпы құны 14,5 млрд теңге болатын 32 жөндеу жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 15,8 млрд теңгеге 6 жоба іске асырылған. Өңірде ұзындығы 53,7 шақырым жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жылу желілерінің тозу деңгейін 52,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталған. Барлық жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Ақмола облысында төрт блокты-модульді қазандықтың құрылысы аяқталған. 26 қазандықтың 24-і ауыстырылды. Сонымен қатар 37 шақырым жылу желісі жөнделді. Бұл жоспардың 97%-ын құрайды.

Степногорск ЖЭО-дағы жабдықтарды жөндеу және қалалық жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта бұл жұмыстарға 45 маман мен 16 арнайы техника жұмылдырылған.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл ЖЭО-2 жылыту маусымын бастауға дайын. Мұнда 8 қазандық агрегаты жұмысқа дайындалды.

Жөндеу науқаны аясында 6 қазандық пен 6 турбинадағы жұмыстар аяқталған. Петропавл қаласының жылу магистральдарын дайындау 20 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

Өңірде жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталады.

Ұлытау облысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы толық аяқталған. Жезқазған ЖЭО-дағы 4 қазандық пен 4 турбинаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. №11 қазандық күрделі жөндеуден өтті. Сәтбаевтағы №1 жылу станциясы мен ЖЭО-ның басқа да жабдықтарын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Үкімет жылыту маусымын бақылауда ұстайды

Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қалған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, тұрғындарға жылуды уақытылы беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Энергетика министрлігіне «ҚТЖ»-мен бірлесіп энергия нысандары мен халыққа көмір және мазут жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау міндеттелді. Үкімет басшысы әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандардың дайындығын ерекше бақылауда ұстаудың маңызын атап өтті.

Жалпы, Қазақстанда жылыту маусымына дайындық жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Алдағы уақытта қалған жөндеу жұмыстарын аяқтап, отын қорын толықтыру мәселесі басты назарда болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл