Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы ең ірі IT-хакатон 27 наурызда басталады
Жаңалықтар

Қазақстандағы ең ірі IT-хакатон 27 наурызда басталады

26.02.2026
мин
0
182
Сурет: ОКҚ

27 наурыз және 5 сәуір аралығында еліміздегі ең ірі мультилокациялық хакатон - Decentrathon 5.0 - бір мезгілде 20 қалада өтеді. Аталған шара барлық өңірдегі технологиялық қоғамдастықты біріктіреді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Хакатон 2026 жылғы 27 наурызда Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan бірінші ұлттық технологиялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған және сол жерде Decentrathon жобасының ашылуы өтеді. Осы маусымда Decentrathon 5.0 Шымкент, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Қонаев, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Орал қалаларын қамтиды. 3000-нан астам әзірлеуші мен 1500 команда қатысады деп күтіліп отыр, олар AI және Blockchain сынды екі негізгі бағытта шешімдер әзірлейді.

- Decentrathon – еліміздегі ең ауқымды IT-алаңдардың бірі. Бірнеше жыл бойы ол Қазақстанның барлық өңірінен әзірлеушілерді біріктіріп, технологиялық қауымдастықты қалыптастырып келеді. Мұндай формат адами капиталды шоғырландырып, жасанды интеллект саласындағы сараптаманы күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында белгілеген басымдықтарға сәйкес, отандық цифрлық шешімдерді дамыту мен насихаттауға кәсіби қоғамдастықты тартудың маңызы зор. Әлемде краудсорсинг тәсілдеріне деген тренд күшейіп келеді, сондықтан бұл үрдістің ұлттық тәжірибемізге енгені маңызды. Бұл технологиялық өнімдердің сапасы мен сұранысына қосымша серпін береді, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Хакатон жаңа форматта өтеді. 27 наурызда Шымкентте салтанатты ашылу рәсімі басталады. Бұдан әрі командалар онлайн-форматта жұмысын жалғастырады. Келесі 9 күннің ішінде қатысушылар жобалар әзірлейді, қолдау алады және шешімдерді соңғы презентацияға дейін жеткізеді.

Аталған іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында өткізіледі әрі отандық цифрлық технологияларды дамытуға және жаңа буын IT-мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл