| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қазақстандағы түрмелердің бірінде теракт жоспарланғаны анықталды. 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен және Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен бірлесіп, Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеологияны ұстанған 10 адамның әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің бірі қамау орнында теракт дайындаумен айналысқан, ал қалғандары терроризмді насихаттап, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру үшін жақтастар тартқан.
- Түрмелерде жүргізілген тінту кезінде суық қарулар, смартфондар және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Күдіктілердің бірі экстремизм бойынша сотталған болса, өзгелері адам өлтіру, тонау және ұрлық үшін жаза өтеген, – деп хабарлады арнайы қызмет өкілдері.
Сонымен қатар, Алматы қаласында пробациялық бақылауда болған олардың серіктестері де ұсталды. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес, тергеу мәліметтері жария етілмейді.