Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық анимация Испанияда өткен фестивальде ең үздік атанды
Жаңалықтар

Қазақстандық анимация Испанияда өткен фестивальде ең үздік атанды

03.05.2023
1 мин
0
388

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

MADFA Madrid Film Awards – 2023 20-шы халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн. Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді. Фестиваль жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосады.  

«Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болады. Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады. Өткен жылы елімізде алғаш рет «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді»,- деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

фото: МСМ телеграм

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл