Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты заңсыз онлайн лотереялар ұйымдастырды деген күдікпен тергеліп жатыр. Олар осы жолмен 162 миллион теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Тергеу деректеріне сүйенсек, ақтаулық блогерлер лотерея операторы ретінде тіркелмей, пәтер, автокөлік және өзге де құнды жүлделерді ойнатқан. Қатысушылар бағасы 500 бен 50 000 теңге аралығындағы цифрлық нөмірлерді (билеттерді) сатып алған.
Анықталғандай, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.
- Заңсыз әрекеттер нәтижесінде қылмыстық жолмен алынған кіріс көлемі 162 млн теңгеден асқан. Қазіргі таңда күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына бұғат қойылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген агенттік хабарламасында.
ҚМА өкілдерінің айтуынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.