Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық дәрігерлер 508 нәрестенің көру қабілетін сақтап қалды
Жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер 508 нәрестенің көру қабілетін сақтап қалды

22.09.2023
1 мин
1
1059

Былтырғы жылы 1500 жаңа туған нәресте ең жаңа жабдықта офтальмологиялық скринингтен өтіп, оның көмегімен офтальмологиялық хирургтар арнайы аппараттарда көз торын лазерлік коагуляциялау арқылы 508 шала туған нәрестенің көру қабілетін сақтай алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Елде мерзімінен бұрын туған нәрестелердің шамамен 35%-ы ретинопатиядан зардап шегеді, бұл шала туған нәрестелерде көру қабілетінің тұрақты жоғалуына әкелетін көз ауруы.

2008 жылы Қазақстанда ДДҰ ұсынған тірі туу өлшем шарттары енгізілді. Нәтижесінде елімізде дене салмағы 500 грамнан асатын балаларға күтім жасала бастады. Жыл сайын республикада 400 мыңнан астам бала туады, оның 5%-ы мерзімінен бұрын туады. Шала туған нәрестелердің осы санатының өмір сүруін арттыру үшін елде босандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді, тиімді перинаталдық технологиялар, қауіпсіз ана болу қағидаттары, перинаталдық көмекті өңірлендіру енгізілді. Олардың көру сапасын сақтау үшін республикада офтальмологиялық скрининг жүргізіледі.

Іске асырылған іс-шаралардың арқасында елде оң нәтижелерге қол жеткізілді және офтальмологиялық скринингпен қамтуды жақсартты»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет жаңа туған нәрестелерге «Луцентис» препаратын интравитреалдық енгізу бойынша клиникалық хаттаманы бекіткен. 

Офтальмолог дәрігерлердің пікірінше, бұл Қазақстанда шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеудегі нағыз серпіліс болды. Ол ретинопатияның жіті түрлерін инъекциялық емдеуді қамтып, балалардың көру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шала туған нәрестелердің ретинопатиясын диагностикалау және емдеу Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өтеді. Бұл медициналық орталықтың офтальмологиялық қызметі AYALA қорының көмегімен «Шеврон» компаниясынан АҚШ-та жасалған заманауи ретиналдық камераны алған. Енді дәрігерлер шала туған нәрестелердегі осындай күрделі көз ауруын сапалы және жедел түрде анықтап, емдей алады. Ол үшін ҰҒАБО активінде ретиналдық камера, офтальмоскоп және лазерлік хирургиялық қондырғы секілді қажетті офтальмологиялық жабдықтың толық жиынтығы бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Д
Дамира 22.09.2023
???????????? Аллага шукир
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл