Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

25.07.2025
1 мин
0
347
Сурет: t.me/oqu_agartu

Францияның Палезо қаласында өткен физика пәнінен халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы саны бес медаль иеленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам талантты оқушы қатысқан. Қазақстандық команда бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль еншіледі.

Күміс медаль иегерлері:

  • Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

  • Әмір Пшенбаев – Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Артур Ким – Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Команданың ғылыми жетекшілері – PhD докторы, Сүлеймен Демирел университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа табыстар мен биік ғылыми жетістіктер тіледі.

Айта кетейік, физика пәнінен халықаралық олимпиада (IPhO) 1967 жылдан бері өткізіліп келеді және ол әлемдегі ең беделді пәндік білім додаларының бірі саналады. Қазақстан бұл олимпиадаға 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандық оқушылар ондаған медаль жеңіп алып, еліміздің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде дәлелдеп жүр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл