Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық тұлпар Дубайда өткен беделді ат жарысында топ жарды
Жаңалықтар

Қазақстандық тұлпар Дубайда өткен беделді ат жарысында топ жарды

27.01.2024
1 мин
1
920

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті.

12 тұлпар бақ сынаған бұл жарыс осы маусымның дебюттік бірінші топтық бәйгесі ретінде барша әлемнің назарында болған ойын.

Тұлпардың иесі Тілек Мұқанбетқалиев Кабирханды көрген ат сыншылары оны 100 жылда бір туаты­н тұлпар деп бағалағанын айтады. Тоғыз рет бәй­геге шауып, соның сегізінде бірінші, тек біреуінен екінші келген Кабирханға ат ұстаушылардың назары бірден ауған.

«Кабирханды сат дегендер көп болды. Ресейден де сұрады. Бірақ келіспедік. Қанша ұсынғандары құпия болып қалсын. Ең көбі 1 миллион доллар берді, сатпадым», дейді аттың иесі.

Сондай-ақ Тілек Мұханбетқалиев АҚШ-тан 12 долларға алынған Кабирханның өзін баяғыда-ақ ақтап тастағанын жасырмады. Жарыстарға қатысқан сайын оның рейтингі өсіп жатқанын жеткізді.

«Біраз жүлде ұтты. Өз-өзін ақтап қойған. Ресейде 5,5 миллион рубль ұтты. Теңгеге шақсақ, 27 миллион теңге. Ал Дубайда 126 мың дирхем жеңді. Енді оны курспен есептесек, 35 мың АҚШ доллары», – деді Тілек Мұханбетқалиев.

Алда Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
1 Пікір
И
Индира 28.01.2024
Жарайсың тұлпар! Қазақтың туы желбірейберсін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл