Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық ЖОО студенттеріне Yandex Cloud ресурстары тегін берілді
Жаңалықтар

Қазақстандық ЖОО студенттеріне Yandex Cloud ресурстары тегін берілді

11.04.2023
мин
0
438

Yandex Cloud бұлттық платформасы Қазақстандағы Computer Science білім беру бағдарламасын қолдау аясын кеңейтті. Енді еліміздің жоғары оқу орындары жасанды интеллект саласын оқып-үйрену мақсатында бұлттық сервистерді тегін қолдана алады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

2022 жылы Yandex Cloud білім беру курстары қазақстандық ЖОО-ға кіріктірілді. Astana IT University-мен болған әріптестікті алғашқы жобалардың бірі деп айтуға болады. Онда 100-ден астам студент «Advanced Python Programming» курсын оқып жүр. Компания қазақстандық оқытушыларға грант бөлуді жалғастыруда, соның нәтижесінде басқарылатын мәліметтер қорын жүйелі түрде қолдануға, сонымен қоса жұмысы тұрақты сервис құру принциптерін үйренуге мүмкіндік бар. Yandex DataSphere М-әзірлемелерге арналған ортаның көмегімен оқытушылар студенттерге машиналық оқытудың базалық модельдерін, кодты жылдам тексеру мен жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер бастауды үйретіп келеді. Бүгінгі таңда осы салаға қызыққан оқытушылар DataSphere тегін қол жеткізу үшін бұлттық платформаға өтінім бере алады.

Бұл бастама отандық студенттер мен оқытушыларға өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі. Себебі, модельдерді оқыту ортасы ретінде ML-әзірлемелерге арналған стандартты Jupyter Notebook интерфейсі қолжетімді. Қарапайым әрі таныс құралдар арқылы студенттер кодпен жұмыс істеуді басты назарға алып, ноутбугі автоматты түрде ажырамай-ақ модельдермен жұмыс істеуді жалғастыра алады.

– Машиналық оқытудың ең соңғы үлгідегі технологияларына тек компания ғана емес, барлық ғылыми қауымдастық, оның ішінде ЖОО-лары да қол жеткізгені біз үшін маңызды. Yandex DataSphere оқытушыларға білім беру бағдарламасын жетілдіруге, ал студенттерге ML негіздерін оңай әрі жылдам оқып-меңгеруге көмектеседі, – дейді Yandex Cloud ұлттық стратегиялық жобалар бойынша директоры Анна Лемякина.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл