Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық жөргектер халықаралық көрмеге қойылды
Жаңалықтар

Қазақстандық жөргектер халықаралық көрмеге қойылды

30.09.2023
1 мин
0
662

26-29 қыркүйек күндері Ресейде «Мир детства-2023» балалар тауарлары индустриясының 28-ші халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ірі салалық іс-шара балалар индустриясындағы жаңа өнімдер мен нәтижелі іскерлік қарым-қатынастарды таныстыруға арналған ең танымал кәсіби алаң. Төрт күннің ішінде сала мамандары жаһандық үрдістерімен танысып, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Көрме аясында семинарлар, конференциялар мен мастер-кластар өтті.

Қазақстандық кәсіпкерлер де «Мир детства-2023» халықаралық көрмесіне қатысты. Еліміздегі алғашқы отандық жөргектер шығаратын «Capable Group» компаниясы өз өнімдерін осы жәрмеңкеде ұсынды. Атап өтсек,қатысушылар қатарында Қазақстаннан ұсынылған жалғыз балалар өнімі «Capable Group» компаниясының жөргектері. Бұл жөргектер еліміздегі жалғыз, баламасы жоқ өнім. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді отандық өнім  «Altyn Bala Premium» және «SimboBaby», «GIGO»,«TOMPI», «Altyn ANA» атауымен шығарылып жатыр. Айта кетейік, «Capable Group» өнеркәсіп жұмысшыларының 60% мүмкіндігі шектеулі жандар.

«Халықаралық көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз. Көрмені тамашалауға келген қазақстандықтар өзімізде өндірілген жөргектерді жақсы көзқараспен қабылдап, қолдау білдіруде. Басқа елдерден ондаған ұсыныстар түсіп, жөргектерімізге сұраныс артып жатыр», - дейді Capable Group негізін қалаушысы Баянсұлу Оразалиева. 

Бұл көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь Республикасы, Таиланд, Түркия, Өзбекстаннан 500-ден астам компания қатысады. Ал көрме бағдарламасы 50-ге жуық іс-шараны қамтиды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл