Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар 28 маусымнан бастап тікелей әуе рейсі арқылы қажылыққа барады
Жаңалықтар

Қазақстандықтар 28 маусымнан бастап тікелей әуе рейсі арқылы қажылыққа барады

27.06.2022
1 мин
1
1135

28 маусымда қазақстандық қажылардың алғашқы тобы Сауд Арабиясына қажылыққа аттанады. Ұшақ Шымкент қаласынан ұшады.

2020-2021 жылдардағы коронавирус пандемиясына байланысты қажылық уақытша тоқтатылды. Сауд Арабиясы Корольдігінің билігі карантиндік шаралар мерзіміне шетел азаматтарының елге кіруін жапты. Енді екі жыл үзілістен кейін мұсылмандар тағы да қажылыққа бара алады.

Пандемия кезінде ҚМДБ-ның Қажылық және умра министрлігі қажылыққа өте шектеулі мөлшерде ғана рұқсат берді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жандилла Бекжігітов. Басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның өкілдері үшін мұндай рұқсат берілмеді. Биыл әлемнің барлық елінде карантин алынып тасталуына байланысты қажылық маусымы ашық.

Биыл Меккеге барлығы 4 мың қазақстандық қажы барады. Ұшу Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкент қалаларынан Жидда және Медина қалаларына тікелей рейстер арқылы бірнеше күн бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Шығу пункттерін қалыптастыру кезінде жекелеген аймақтардағы қажылардың ең көп саны ескерілді.ҚР ҚМДБ Қажылық басқармасының басшысы Жанділла Бекжігітов

ҚМДБ өкілінің айтуынша, Сауд Арабиясы осы қажылық маусымына қатысты кейбір талаптарды жариялады. Біріншіден, қажылыққа тек бір миллион мұсылманның баруына рұқсат етілген. Оның 15%-ы Сауд Арабиасы азаматтары, қалған 85%-ы әлемнің басқа елдерінен келгендер. Екіншіден, азаматтардың жасы 65-тен аспауы керек.

Сондықтан биыл қажылық рәсімдерін орындау бұрынғы екі-үш миллион адам болған жылдарға қарағанда жеңіл болады, деп есептейді Бекжігітов.

Биыл қазақ қажыларының арасында негізінен орта жастағы адамдар. Жастар да көп. Олардың көбі мешіттерде діни сауат ашу және қажылыққа дайындық курстарынан өткен болса, бүгінде Қазақстанда олардың саны 2700-ден асады.Жанділла Бекжігітов

Қажыларға конкурстық негізде іріктеліп алынған 14 туристік фирма қызмет көрсетеді. Екі жақты тасымалдауды отандық Air Astana, SCAT және Saudi FlyNas авиакомпаниялары 50/50 қағидаты бойынша жүзеге асырады.

Қажылық 7-12 шілде аралығында өтеді. Қажылар елге 15-21 шілде аралығында ұша алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
1 Пікір
Ш
Шолпан Суюндикова 28.06.2022
Самалет билеті қанша тг
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл