474.08
558.28
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар бұрынғыдай жиі несие алмайтын болды
Жаңалықтар

Қазақстандықтар бұрынғыдай жиі несие алмайтын болды

15.04.2026
мин
1
319
Сурет: Naryk.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, елде тұтынушылық несие беру қарқыны айтарлықтай төмендеген, — деп хаьарлайды Dauletten.kz.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте өткен брифингте қазақстандықтарға берілетін несиенің өсу қарқыны бәсеңдегенін мәлімдеді.

БАҚ өкілдері несие алушыларға қойылатын талаптардың күшеюі азаматтардың қаржыға деген жауапкершілігін арттырды ма деген сауал қойды. Агенттік басшысы бұл өзгерістердің заңнамалық түзетулермен байланысты екенін атап өтті.

- Несие беру қарқыны едәуір төмендеді. Бұрын тұтынушылық несиелер жыл сайын 30 пайыздан астам өсетін. Қазір бұл көрсеткіш 6–7 пайыз деңгейінен аспайды. 2025 жылы да осы деңгей сақталды, – деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан бері бұл үрдіс жалғасып келеді. Тұтынушылық несиелер санының азаюы – қарыз алушылардың сапалы әрі ойланып шешім қабылдауымен байланысты.

- Мәселен, микроқаржы ұйымдарында төлем мерзімі бір күннен асып кетсе немесе банктерде 30 күннен артық кешіктірілсе, жаңа несие берілмейді. Сонымен қатар, қарыз алушылар тәуекел деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінді. Жоғары тәуекел тобына жататын азаматтарға да кредит рәсімделмейді, – деп түсіндірді Мәдина Әбілқасымова.


Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гаухар 15.04.2026
Бермей қойса не істейміз? Ломбардқа жүгіріп жатырмыз үйге азық-түлік алу үшін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл