Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды
Жаңалықтар

Қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды

07.06.2024
1 мин
1
1629
Фото: mykaleidoscope.ru

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді, деп хабарлайды dauletten.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратынша, биыл қасиетті мейрамның бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр.

«2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді», - делінген хабарламада.

Ал қолданыстағы заңға сәйкес, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды. Яғни бұған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесін жариялаған кезде, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсетінін хабарланған. Дегенмен, айдың көрінуіне байланысты, қасиетті мейрам бір күн ерте басталатын болып тұр. 

«Құрбан айттың бірінші күні мұсылман күнтізбесі бойынша өтеді. Олар мейрамның алғашқы күні 16 маусым, жексенбі деп жариялады. Бұл жай да демалыс күні. Сол себепті ауыстырылмайды», - деп нақтылады Azattyq Rýhy тілшісіне еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетері, үш күнге созылатын Құрбан айтта жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Р
Раушан 07.06.2024
Басында 17 маусым деп хабарлады. Біздің елде тіпті молдаға сенуге болмайды. Құрбан айт күнін жариялап, қалай оп-оңай қателесе салады екен?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл