| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар үшін Еуропалық одақ визасы жеңілдету мақсатында кешені жұмыс жүргізілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздердің 10 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, визалық жеңілдіктерді енгізу жұмысы күнделікті жүріп жатыр.
- Бұл процессте әрбір ЕО мемлекетімен жеке келіссөз жүргізу қажет. Жақында біздің делегация Германиямен кездесті, ал келесі аптада тағы бір сапар жоспарланып отыр, – деді Смадияров.
Сонымен қатар, бұл жұмыс тек Сыртқы істер министрлігінің емес, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және миграциялық қызметтің де қатысуын қажет ететін көпжақты процесс екенін атап өтті.
Сондықтан визалық жеңілдіктерді енгізу бір-екі күндік іс емес, бірнеше жыл бойы жүзеге асырылатын процесс деп түсіндірді ол.