| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Украинаның Днепр қаласында қазақстандықтарды нысанаға алған интернет-алаяқтар тобы әшкереленіп, ондаған адам қолға түсті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Украинаның Днепр қаласында интернет арқылы алаяқтық жасаған бірнеше call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция нәтижесінде 53 адам ұсталды. Олардың сегізі негізгі фигурант ретінде қамауға алынып, қалғандарына қатысты процессуалдық шешімдер қабылдануда.
Алдын ала деректерге сәйкес, күдіктілер шетелдік азаматтарды, соның ішінде қазақстандықтарды да алдаумен айналысқан. Олар жалған инвестициялық компания атын жамылып, адамдарды жоғары табыс уәде етілген жобаларға ақша салуға көндірген. Осы тәсіл арқылы жәбірленушілердің жеке мәліметтері мен қаржылық деректеріне қол жеткізген.
Бұдан бөлек, алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған таныстық орнатып, сенімге кіргеннен кейін түрлі сылтаумен ақша аудартқан. Сондай-ақ криптовалютаға инвестиция салу туралы жалған ұсыныстар да пайдаланылған.
Тінту шаралары кезінде ірі көлемде қолма-қол ақша, ондаған компьютерлік техника мен ұялы телефондар, қымбат көліктер және қаруға ұқсас бұйымдар тәркіленді.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жалғасып, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.