Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті

03.08.2020
1 мин
6
1706

Елімізде орташа айлық жалақы мөлшері өсті. Бұл туралы ел экономикасының мониторинг жасау бойынша жобаны зерттеушілер Ranking.kz мәлімдеді.

Биыл ІІ тоқсанда Қазақстандағы қызметкерлердің айлық жалақысы 13,7 %-ға өсіп, 212 мың теңге болған. Инфляцияны ескере отырып, нақты көрініс бойынша сатып алу қабілетінің өсуі 6,5 %. Өткен жылы осы кезеңде орташа айлық жалақы мөлшері 186,5 мың теңге болды.

"Жалақының ең көп мөлшері Атырау және Маңғыстау облыстарында 386,4 және 317,7 мың теңге. Елордада орташа айлық - 282,5 мың теңге, Алматыда - 238,7 мың теңге. Айта кетейік, аталған төрт өңірде жалақы мөлшері республика бойынша орташа жалақыдан көп.

Орташа айлық жалақының ең аз мөлшері Солтүстік Қазақстан (159,3 мың теңге) және Жамбыл (162 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (164,2 мың теңге) тіркелді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты 2,3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алуға өтініш берген. Төлем 2 миллион 114 мың адамға төленген. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
А
Айгуль 04.08.2020
Мен мангыстау обл турам ондай айлық жоқ 283 мын. Мен озім шындық айтсам 50 мын алам біздің ақшаны көбейтіндісі 100 мын берсін
Жауап беру
А
Айка 03.08.2020
Сонда ең төменгі жалақысы қанша???
Жауап беру
К
Калима 03.08.2020
42500ди де берген жоқ, жұмыс жоқ Карантинге байланысты тоқтап тұр ғой кредит төле деп қақсап соғып қоймайды, Жоғары жактагыларды да Карантинге жаткызу керек биз сияқты жұмыссыз ақшасыз жатып корсин оларда адам ғо биз сияқты.
Жауап беру
А
Айко 03.08.2020
Малимет накты деп ким айтады, халыктын арасына немесе бастыктардан сурады ма екен? Енбек кз.тин озинде томенги айлыктын канша екенин коруге болады. Биздин пикиримизбен санасатын адам болса канекей
Жауап беру
Д
Диана 03.08.2020
Шыгыс Казахстанда турып колыма 80 мын алам
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл