Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақтары қанша теңгеге жетті?
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақтары қанша теңгеге жетті?

26.01.2022
1 мин
3
1121

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2022 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

Зейнетақы жинақтарының  өсуі 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 1 қаңтары аралығында 1,4 трлн теңгеден асқан таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 138,2 млрд теңгеге немесе 11% артық. Қазақстан Ұлттық банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 11,13%, ал инфляция 8,4% құрады.

Еске сала кетейік, инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және тағы басқалары кіреді.

«Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,04 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылған күнінен бастап (1998 жыл) инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен – 681,13%, ал инфляция 546,77% болды. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енген кезден бастап 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 134,36%» - делінген хабарламада.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, әрі инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді. Өйткені, ол нарықтың құбылмалы өзгерістеріне тәуелді.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
279
3 Пікір
Л
Лаура 26.01.2022
Отбасы банкке аударуға болады ма?
Жауап беру
М
Манат 26.01.2022
Менде 1 млн жиналып калды Соны отбасы банке салуна болама
Жауап беру
Н
Нұрсұлу 26.01.2022
Пәтер жалдап тұрамыз. Айлық алған бойда пәтерге төлеп артылғанына жеткені не азық түтікше жаратамыз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл