Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанға 20 мыңға жуық пәкістандық және үндістандық студент келуі мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанға 20 мыңға жуық пәкістандық және үндістандық студент келуі мүмкін

28.10.2022
1 мин
0
884

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Украинадан Қазақстандағы жоғары оқу орындарына 20 мыңнан аса студент ауысқысы келетінін айтты. Әңгіме Үндістан мен Пәкістан жастары туралы болып отыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Қазір 23 мың Үндістан мен Пәкістан студенті есігімізді қағып жатыр. Олар Украинаның медициналық университеттерінде білім алған студенттер және қазір белгілі себептермен онда оқи алмайды. Қазір біз не істей алатынымызды ойлап жатырмыз", - деді Саясат Нұрбек.

Мұндай мәлімдемелер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де түсетіні атап өтілді. Сонымен қатар, сол медициналық университет профессорлары Қазақстанда сабақ беруге ниет білдірген. Бірақ, Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстанда жаңа академиялық хабтар салынбаған.

"Біз академиялық инфрақұрылым туралы ойлануымыз керек, осындай өсіп келе жатқан мөлшерді қабылдап, өңдей алмыз ба? Бұл қысым күшейе түседі", - деп қосты министр.

Ғылым және жоғары білім министрі тығырықтан шығу жолын университет ғимараттарын кеңейтуден ғана емес, цифрлық университеттерден де көретінін айтты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленіп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл