Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар әкелінді
Жаңалықтар

Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар әкелінді

11.06.2025
1 мин
0
193
Сурет: ҚТЖ

Алматы локомотив депосында ҚТЖ-мен ынтымақтастық шеңберінде CRRC Ziyang (ҚХР) әзірлеген CKD6H сериялы гибридті күштік қондырғысы бар ТМД кеңістігіндегі алғашқы маневрлік тепловоздарды салтанатты қабылдау болып өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

CKD6H тепловозы CRRC экологиялық таза көлік платформасы негізінде құрылған және Орталық Азияның қатал климатына бейімделген. Гибридті күштік қондырғысы (дизельді қозғалтқыш + тартқыш батарея) цифрлық технологиямен және қуат тұтынуды басқарудың интеллектуалды жүйесімен үйлеседі.

Дәстүрлі тепловоздармен салыстырғанда жаңа локомотив отын шығынын 45% астамға қысқартуға, шу деңгейін 80% төмендетуге, ластаушы заттардың шығарындыларын 83% дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Жаңа локомотивтер 540 кВт / сағ дизельді қозғалтқышпен де, кем дегенде 900 кВт / сағ батарея жинағымен де жабдықталған. Тартқыш аккумуляторды зарядтау дизельді қозғалтқыштан және сыртқы зарядтау станцияларының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. 

CKD6H локомотиві небәрі 14 айда әзірленді, шығарылды және сынақтан өтті. CKD6H — бұл Қазақстандағы теміржол көлігінің "жасыл" болашағына жасалған қадам.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл