Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанға келген миллионыншы турист кім?
Жаңалықтар

Қазақстанға келген миллионыншы турист кім?

04.10.2023
1 мин
0
516

Миллионыншы турист eQonaq ақпараттық жүйесіне қыркүйектің соңғы күнінде тіркелген, деп хабарлайды Dauletten.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.

Қытайдан келген турист Алматыға 4 күнге келіп, Rahat Palace Hotel қонақ үйінде аялдады. 

Жалпы Қытай елінен келген қонақтар барлық шетелдік қонақтар арасында үшінші орында.

Жыл басынан бері eQonaq-та Қытайдан 70 мыңнан астам турист тіркелді.

Бірінші және екінші орында Ресей мен Өзбекстаннан келген туристер орналасқан.

Үздік 10 елге Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Германия, Моңғолия және АҚШ туристері кіреді.

Шетелдік қонақтардың көпшілігі Алматыға – 343 мың турист және Астанаға – 174 мың турист келді.

ТОП-5 бағытқа Алматы облысы кіреді, оған 62 мың турист келді, одан бөлек Атырау облысына – 58 мың турист және Маңғыстау облысына – 52 мың турист келген.

Kazakh Tourism Туризм және спорт, Ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп әзірлеген eQonaq ақпараттық жүйесі шетелдік қонақтарды есепке алуға және туристік ағымның мониторингіне арналған.

Жүйе көші-қонды бақылау міндетін де орындайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл