487.17
565.65
6.72
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстаннан 122 шетелдік азамат шығарылып, елге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Қазақстаннан 122 шетелдік азамат шығарылып, елге кіруге шектеу қойылды

16.06.2026
мин
0
103
Сурет: Егемен Қазақстан

Қазақстанда өткен «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған мыңдаған адам анықталды. Нәтижесінде 122 шетелдік азамат елден шығарылып, оларға бірнеше жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

8–12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде «Заңсыз келуші» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның аясында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарын, сауда орындарын және шетел азаматтары тұруы немесе еңбек етуі мүмкін тұрғын үйлерді тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 13 мыңға жуық адам анықталды. Оның ішінде шамамен 10 мың адам Қазақстан аумағында заңсыз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Ал 4 мыңға жуық шетелдік азамат еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған.

Сот шешімдері негізінде 1 500 адамды елден шығару туралы қаулы қабылданды. Сонымен қатар 122 шетелдік азамат мәжбүрлі түрде Қазақстаннан шығарылып, оларға бес жылға дейін республика аумағына қайта кіруге тыйым салынды.

Операция барысында халықаралық іздеуде жүрген 21 адам да қолға түскені белгілі болды. Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл